Қазіргі таңда аяғынан ақсап тұрған, әрі реформаға ең көп ұшыраған салалардың бірі, әрине білім саласы. Оқу жүйесін 11 жылдыққа, кейіннен 12 жылдыққа көшіру мәселесі қолға алынғаннан бері біраз жылдың жүзі болса да бұл үрдіс әлі толық аяқталған да, аз болса да нәтижесін берген де жоқ. More
Ш.Даваадорж: «Мен жаңалыққа қарсы емеспін…»
Мамыр 24, 2012
АБАЙ МАУҚАРAҰЛЫ
Сәуір 17, 2012
(Abay Maukhara)
Аудармашы. Моңғолиядағы Баян-Өлги
й аймағының Бұлғын өлкесінде дүниеге келген /1956 ж./. Дәрігерлік мамандығымен қатар, жазушылықпен айланысып «Тасқын» /Өлгий, 1984 ж./ деген аударма кітабын бастырған және сондағы «Шұғыла» әдеби журналымен «Жаңа өмір» газетінде біршама әңгімелері мен публицистикалық мақалалары жарияланған. атажұрты-Қазақстанға әулетімен көшіп келген соң /1991 ж./, еларалық «Шалқар» газетінде тілші, «Ана тілі» апталығында бөлім меңгерушісі, «Қазақ тілі» газетінде бөлім редакторы болып қызмет атқарған. More
Сұлтан Тәукейұлы
Наурыз 26, 2012
Жазушы. Моңғолияның Баян-Өлгий аймағы, Цэнгэл сұмынының Аққол деген жерінде дүниеге келген /1944 ж./. Орта мектепі /1962 ж./, Улаанбаатар қаласында Экономикалық институтын бітірген /1966 ж./, маманы экономист, экономика ғылымының докторы, профессор. Белгілі мемлекет, қоғам қайраткері, ғалым, жазушы, аудармашы, дипломат.
Ол /1966 ж./ аудан, астана, аймақ, республика деңгейінде басшылық лауазымда қызмет атқарған. Моңғолияның тұрақты парламенті – Ұлы Құрылтай мүшелігіне /1992-1996 ж.ж/ екі мәрте сайланған. More
ДАНИЯЛ ДІКЕЙҰЛЫ
Наурыз 26, 2012
Ақын. Моңғолия Жазушылар Одағының мүшесі, сегіз қырлы-бір сырлы абыз саналы батагөй. Толық бір ғасыр жасаған тұлға. Тарих шиырларына толы толассыз тартыстың, талант пен талаптың, қайсарлық пен қаһармандықтың куәгері. Өйткені Дәкеңнің ең бірінші ғұмыры 3,4 соғысқа қатысқан майдангер. Ол, бала кезінде Шығыс Түркістандағы /1933 ж./ «Дүңген соғысын» көзбен көрді. Қару алып қарсылық көрсетпегенімен сол майданға қатысқан қазақ сарбаздарының атын ұстап, алғаш рет атыс-шабыста дәрі иісін иіскеді. Бұл жол-қарт жауынгердің ғұмырнамасының тұңғыш парағы болды. More
АҚТАН БАБИҰЛЫ
Наурыз 26, 2012
Б.Ақтан ақындықпен жастай араласты. Жас ақын көңіл тербеткен алғашқы өлеңдерін шығарып, ауыл арасындағы жеңіл айтыстарға түседі. Елден естіген ақын-жыраулардың шығармалары мен ауыз әдебиетінің туындыларын жаттап, өз өлеңдерімен қоса айтып жүреді. Төселе келе ақынның /1916 ж./ бастап алғашқы әсерлі өлең, айтыстары туып, жұртқа тарап, ел «Ақын» атай бастайды. Ақынның осы кезде туған «Кедей күй», «Билерге», «Тұқан биге», «Төре Сағидолдаға», «Ордабайға», «Халел мен Мәлік молдаға», «Әттең, шіркін қазағым», «Қарау байға» т.б өлеңдері жауы жағасынан, бөрісі етегінен алып, әбден әлсіреген халықтың мұңын жоқтап, мүддесін қорғауға арналды. Ақын лирикасының екінші үлкен тақырыбы-еңбек. Оның бұл салада 40-60 жылдары жазған өлеңдері еңбекке ұйымдастыру, үйрету сыпатында болды. Мәселен /1948-1949 ж.ж/ оның халықты еңбекке, білімге шақырған өлеңдері «Өркендеу» газетінің әр санынан дерлік кездесетін-ді. More
Өлгийде халық саны қанша?
Наурыз 2, 2012
Менің мақалаларым Пікір қалдыру
Жақында Баян-Өлгий аймақтық Статистика бөлімінің бастығы Бақыт Қабиұлына жолығып әңгімелескен едім. Бақыт мырзаның айтуынша биылғы жылы аймағымыз халқының саны 89374 адамды құрап отыр. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 183 адаммен артық. Ал, аймағымыздағы халқы ең көп сұмындардың қатарын Цэнгэл сұмыны (8000-нан астам), Ұланқұс (7600 адам ) сұмындары бастап отыр.
Мал басы да биыл айтарлықтай өскен. 2011 жылы барлығы 1302786 басты мал саналып, 2010 жылмен салыстырғанда 176000-мен артық.
Сөздің нұрландыратыны да, уландыратыны да бар
Наурыз 2, 2012
Менің сұхбаттарым Пікір қалдыру
Жазушы, журналист, дінтанушы Абай Хамза (Мауқараұлы)-мен сұхбат
Байөлке жастарының білімі төмендеді…
Тамыз 12, 2011
Менің мақалаларым Пікір қалдыру
«Оян, қазақ, намыстан…»
Ақыт қажы Үлімжіұлы
Алтайдың Қобда бетіне аяқ басқан ағайынның барлығы Бай-Өлкелік қандастарын «таза қазақтар», «тұнық қазақтар» деп мақтап қайтатын еді. Бұл жүлге әлі де жалғасып жатыр. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап шетелдегі қазақтардың атамекенге көшін бастаған да осы моңғолия қазақтары еді. Қазақ еліне Қаржаубай Сартқожаұлы, Зардыхан Қинаятұлы, Досан Баймолда т.б. ғылым докторлары мен көптеген ақын жазушылар, талантты журналистер берген байөлкелік қандастар «мақтаған қыз той бүлдіредінің» кебін киіп отыр. More
Салдақылыққа салар сара жол
Тамыз 12, 2011
Менің мақалаларым Пікір қалдыру
Әр замандағы тәрбие құралы мен механизмі замана ағымына сай әр қилы болып келеді. Ал, қазақ халқы балаға берер тәрбиесін сәбидің ана құрсағында жатқан шағынан бастады. Жүкті анаға «тауға қара, балаңның рухы биік болсын, суға қара, көңілі судай таза болсын, атаның батасын ал, «баталы ер арымас» деп, тәрбие тамырын тым тереңнен тарқатты. Осындай таза ұлттық діл мен терең пәлсапаның шаранасында шайқалған сәбилер ер жеткенде намыс туын бекем ұстаған атпал азамат, More
Б.Тілеухан: “Ешқандай қан мен суы араласпаған қазақты көріп отырмын”
Тамыз 12, 2011
Шілденің 16-17-і күндері ҚР Парламент мәжілісінің депутаты Бекболат Тілеухан Баян-Өлгийде болып, халықпен кездесу өткізді. Осы орайда қадірлі мейманмен сұхбаттасудың сәті түскен еді. Енді осы әңгімені назарларыңызға ұсынамын.
- Бекболат аға, Баян-Өлгийдің топырағына аяқ басып, ас-суынан дәм татып жатырсыз. Моңғолиядағы қандастарыңызды көріп қандай ойға келдіңіз? Не түйдіңіз? Әуелгі әңгімемізді осыдан бастасақ…
- Ешқандай қан мен суы араласпаған қазақты көріп отырмын. Отарлық саясат бұл жақта да жүрді, More





Соңғы пікірлер